05.04.2019, 09:29

Шымкент әкімі Instagram әлеуметтік желісіне тіркелді

Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Instagram әлеуметтік желісіне тіркелді.

Әбдірахымовтың атында парақша аккаунты @gabidullaabdrakhimov деп аталады. 

Парақшаны әкімнің өзі жүргізе ме жоқ па әлі белгісіз. 

Естеріңізге сала кетейік, 27 наурызда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдерге халықтың сауалдарына жедел жауап беруді тапсырған болатын. Сондай-ақ олардың әлеуметтік желіде белсенді болуларын да талап еткен еді.