Өскемен қаласында 13 жастағы жасөспірімді белгісіз біреулер атып кетті. Оқ оқушының аяғына тиді, деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Сотқа дейінгі тергеу басталды.
«3 сәуір күні 19:00 шамасында кезекші бөлімге 35 жастағы қала тұрғынынан хабарлама түсті. Ол 1 сағат бұрын аулада ойнап жүрген 13 жастағы ұлының аяғына бұзақылардың оқ атқанын айтты», – деді қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Дереккөз: YK.news.kz