Жаңалықтар 05.04.2019 сағат 11:23  199

Полиция Баландиннің ұрланған айнасын қалай тауып берді?

Алматы полициясы Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландиннің айнасының ұрлануына байланысты қылмыстық істі қалай ашқанын түсіндірді, деді ҚазАқпарат. 

Полиция Баландиннің ұрланған айнасын қалай тауып берді?
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

«Бұл қылмысқа күдікті ретінде Алматы облысының тұрғыны, 33 жастағы Айдос Уәлиев ұсталды. Қандай қылмысты болсын әшкерелеу кезінде полиция қызметкерлері үлкен жұмыс атқарады. Бұл қылмысты ашу кезінде 45 камераның кадрлары қаралды. Оның 5-еуінде қылмыскер отырған Hyundai көлігі көрінеді. Осы көлікті табу үшін біз 156 көлікті тексердік. Бұл қылмыс та ашылды. Күдікті ер адам қасында тұрған Range Rover көлігінің де айнасын алып кеткені түсінікті болды», - дейді қалалық полиция департаментінің басшысы Серік Күдебаев. 

Айта кету керек, мұның алдында Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландиннің Құрманғазы-Байсейітова көшелерінің қиылысында тұрған көлігінің айнасы ұрланған болатын. Көп ұзамай полиция ұрының ұсталғаны жөнінде мәлімдеді. Мүлкіне зақым келтірген адамның ұсталғанына риза болған Олимпиада чемпионы полицияға алғыс айтты.

 

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар