Жаңалықтар 06.04.2019 сағат 04:20  229

Жауын-шашын, жел, тұман: Бүгін қазақстандықтарды қандай ауа-райы күтеді

Қазгидромет РМК сәуірдің 6-сы күнгі ауа райы болжамын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жауын-шашын, жел, тұман: Бүгін қазақстандықтарды қандай ауа-райы күтеді
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде бүгін күн  жаңбырлы болады.  

Жауын әсіресе елдің оңтүстік-шығысында мол көлемде жауады. Республиканың оңтүстігі, оңтүстік-батысы, солтүстігі және солтүстік-батысында күн жауын-шашынсыз. Кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейіп, шығыс және оңтүстік-шығыста найзағай ойнайды.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Жамбыл, түнде Шығыс Қазақстан, күндіз Алматы облысының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал.

Ал Жамбыл, Павлодар, күндіз Алматы облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйтқиды.

Түркістан облысының кей жерлерінде түнде жел 15-20 м/с жылдамдықпен еседі.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар