Алматыдағы Өжет базарында жаппай төбелес болды деп жазады Zakon.kz. Оқиғаны куәгерлер видеокамераға түсіріп, әлеуметтік желілер арқылы таратуда.
Ал, Полиция департаменті болса төбелеске қатысқан жігіттердің барлығын ұстадық деп отыр. Олар ақша үшін жаға жыртысқан екен.
«Аяқ киім сатушылары қарыз ақшаларын даулап алдымен ерегіскен, артынша жаппай төбелес болған. Жол патрульдік полиция экипажы төбелескендерді ажыратып, жағдайдың мән-жайын анықтау үшін оларды аудандық полиция бөлімшесіне жеткізді. Заң аясында шара қолданылатын болады», - дейді Алматы қаласы Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.