$ 494.87  520.65  4.91

Нұр-Сұлтанда «Ана мен бала» орталығы өртенді

Ана мен бала орталығынан өрт шығып, 200-ден астам адам эвакуацияланды. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметовке сілтеме жасап хабарлайды. 

«7 сәуір күні сағат 13:50-де Нұр-Сұлтан қаласының «101» пультіне Тұран даңғылындағы Ана мен бала орталығындағы өрт туралы хабар келіп түсті. Ғимараттың «Б» бөлігінде астыңғы қабатта электрқалқан кабелінен от тұтанған.  ТЖ аумағы 0,5 шаршы метрді құрады», - деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайдар комитетінің баспасөз қызметі. 

Өрт сөндірушілер келгенше аурухана қызметкерлері 200 адамды сыртқа шығарды. Өрт сағат 14:04-те ауыздықталып және 14:08-де толық сөндірілді. Оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ. 

«Оқиға себептері анықталып жатыр. Өрт орнына астаналық ТЖД 8 жеке құрамы мен 2 техникасы жұмылдырылды», - делінген ресми хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары