$ 444.22  476.38  4.82

131 тасбақаны шекара асырмақ болған азамат ұсталды

Қостанайлық шекарашылар 131 тасбақаны шекара асырмақ болған азаматты ұстады деп хабарлайды ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.

«Қостанай шекара отрядының «Қайрақ-авто» бөлімшесінде шекарашылар жекеменшік жеңіл автокөлігімен «Қостанай - Челябинск» бағытымен кетіп бара жатқан 24 жастағы қазақстандық азаматты ұстады. Күдіктінің көлігінің жүксалғышынан 131 тасбақа табылды. Олардың нарықтағы құны 1 300 000 теңге деп есептелінеді.

Құжатсыз «тірі тауар» актіленіп, Қарабалық аудандық малдәрігерлік бақылау комитетінің мамандарына тапсырылды»,  - делінген хабарламада.

Дереккөз: Alau.kz

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары