08.04.2019, 09:14

Қостанайда үйінде жалғыз қалған 7 жасар қыз қатты күйіп қалды

5 наурыз күні сағат 20:00-де Әулиекөл ауданы Кұсмұрын ауылындағы жеке үйлердің бірінен өрт шықты деп хабарлайды ТЖК-нің баспасөз қызметі.

7 жасар қыз Әулиекөл орталық аудандық ауруханасына жатқызылды.

Кішкентай қыз бұл үйде атасымен бірге тұрған. Атасы оны бірнеше сағатқа кілттеп, жұмыстарымен сыртқа шығып кеткен. 

Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығуына балақай себеп болған. 

Дереккөз: Kstnews.kz