Жаңалықтар 08.04.2019 сағат 13:17  565

Тарихи-мәдени мекендер виртуалды картаға енгізіледі

Енді қазақстандықтар өз аймақтарындағы киелі мекендерді 3Д форматтағы виртуалды картадан көре алады. Бұл бастама «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында жүзеге асып жатыр. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Үкімет отырысында мәлім етті.

Тарихи-мәдени мекендер виртуалды картаға енгізіледі
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Министрдің мәлімдеуінше, жоба жұмысы 2014 жылдан бастап қолға алынған. Бүгінгі күні осы жоба негізінде 100-ден аса тарихи-мәдени ескерткіштерге қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, күрделі жөндеулер жасалған. Сонымен бірге, министрлік және жергілікті атқарушы органдар бірлесіп еліміздің Солтүстік және Батыс аймақтарында мәдени-туристік кластерді дамыту мақсатында жұмыстар жасалуда. Атап айтар болсақ, «Бозоқ», «Ботай» және «Сарайшық» музей-қорықтарын құру жөнінде жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Осыған дейін ғалымдардың қатысуымен республиканың әр аймағында 6 бағыт бойынша экспедиция жүргізілген. Қазіргі уақытта жалпыұлттық маңызға ие 100, жергілікті маңызы бар 500 киелі жердің тізімдері жасалып, жоспарға сай жүйеленуде.

- Қазіргі таңда «Киелі Қазақстан» энциклопедициясының бірінші томы теориялық-методологиялық аспектілер» ұжымдық монографиясы және бірнеше ғылыми еңбектер баспаға дайындалуда үстінде. «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасының барлық нысандары көпфункциялы 3Д форматындағы виртуалды картаға енеді, - деді министр А.Мұхамедиұлы.

Министр өз сөзінде республика көлеміндегі киелі мекендер көп орналасқан «Ұлытау», «Отырар», «Таңбалы» тарихи-мәдени музей-қорықтарының туристік қызметін жақсарту мақсатында Сапар орталықтарын салу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатырғанын қоса айтты. Сонымен қатар, сапар орталық салу бірінші рет емес, бұл әлемдік тәжірибеде қолданыста екенін атап өтті.

Жоспар бойынша жақын уақытта туристерге қажетті инфрақұрылымдар – дәмханалар, сыйлықтар дүкендері, арнайы шеберханалар мен конференц-залдар және т.б. қызмет көрсету орындары ашылады. Сонымен бірге – білім беру, ғылыми-танымдық орталықтар құруда жоспарда бар. Нақтырақ айтқанда туристерге сервис қызметін күшейту жұмысы басты назарға алынып отыр.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар