$ 494.87  520.65  4.91

Үйінен айырылған Батырхан Шүкеновтің ұлы мен әйелі қазақстандық меценаттардың көмегіне жүгінді

Батырхан Шүкеновтің азаматтық әйелі Екатерина Шелякова мен ұлы Мақсұт Шүкенов Андрей Малаховтың «Пусть говорят» бағдарламасында атақты музыканттың қазасынан кейінгі өмірлері жайлы айтты.

Батырхан Шүкенов Екатерина Шеляковамен 20 жыл бірге тұрды, екі ұлы дүниеге келді. Тұңғышы сәби шағында көз жұмды, ал екіншісі - 14 жастағы Мақсұт анасымен АҚШ Флорида штатында тұрады.

Екатерина мен Мақсұт Батырхан Шүкеновтің оларды Флоридадағы үлкен үйге көшіру арманы туралы айтты. Құны 680 мың долларды құрайтын үй салынды. Батырхан Шүкенов құрылыс компаниясына алғашқы жарнаны төлеп, Екатерина ұлымен сол үйге көшті. Әншінің қазасынан кейін төлем түспегендіктен құрылыс компаниясы үйді тартып алды. Қазір ол ұлымен АҚШ-та құрбысының үйіндегі шағын бөлмеде тұрып жатыр. Екатерина сирек кездесетін бұйымдар дүкенінде жұмыс істейді.

Б.Шүкеновтің досы, Қазақ КСР Халық әртісі Роза Рымбаева Екатеринаға ұлымен Қазақстанға көшуді ұсынды. Батырханның Мәскеудегі достары, соның ішінде журналист Отар Кушанашвили оған Ресейге көшуге ұсынды.

Батырханның ағасы - Бауыржан Шүкенов «Пусть говорят» бағдарламасында Мақсұтқа АҚШ-та үй сатып алу үшін қаражат жинап жатқанын айтты.

Әншінің жарын қолдау үшін бағдарламаға әншілер, музыканттар және достар Валерий Меладзе, Севара, Алексей Глызин, тележүргізуші Елена Ханга келді.

Барлығы Батырхан Шүкенов жанұясы мен достары арасында жақсы адам болып мәңгі есте қалатынын атап өтті.

Екатерина бұл бағдарламаға күйеуі ажал құшқанынан кейін қалай тіршілік кешіп жатқандары жайлы айтуға келгенін жеткізді. Егер қазақстандық меценаттар Батырханның ұлы Мақсұттың шығындарының бір бөлігін мойындарына алса, мұны бағалап, ризашылықпен қабылдайтынын да айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары