$ 494.87  520.65  4.91

Көрермендер «Өз ойым» бағдарламасын жабуды ұсынды

Жетінші арнаның «Өз ойым» бағдарламасы көпшіліктің көңілінен шықпайды. Көрермендер онда көтеріліп отырған мәселелерлердің жеңіл-желпі, қазаққа жат екіндігін айтып, бағдарламаны жалпы жабуды ұсынды.

Жетінші арнаның Instagram парақшасындағы «Ұл таппаған кінә ма? Бүгін «Өз ойым» ток-шоуында 15:00-де арнамыздан көріңіздер» деген жазбасына көрермендер бірден үсілді-кесілді жағымсыз пікірлер жазды.

«Түк ұяты жоқ, қазаққа жат бағдарлама», «Осы бағдарламаны жауып тастау ойларыңызда бар ма жалпы?», «Басқа талқылайтын ештеме таппады ма.Ұл тапса да, қыз тапса да Алланын бергені. Осы бағдарлама не тәрбиелік мәні жок, этика, эстетика жок, ұятсыз бағдарлама, эфирден алып тастамайсыздар ма»»,-деп жазды желі қолданушылары.

Пікір жазушылардың дені жобаның жабылуын талап етіп, адамдардың жеке өміріне қол сұқпауды сұрады. Әсіресе, дүниеге келген баланы ұл немесе қыз деп бөліп қараудың дұрыс еместігін айтушылар көп. Жалпы көпшіліктің пікірінше, бағдарлама қазақтың табиғатына жат.

Еске сала кетейік, «Өз ойым» бағдарламасы былтыр 3 сәуірден бастап көрерменге жол тартты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Өз ойым