Жаңалықтар 10.04.2019 сағат 05:52  204

Алматыда 2 полицейді пышақтап кетті

9 наурыз күні Алматыда 2 полицейді пышақтап кетті деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Алматыда 2 полицейді пышақтап кетті
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Daewoo Nexia көлігін жалға алған ер адам 2 күндік ақшасын кешіктірген. Жалға беруші адам оны тауып алып, Наурызбай ауданында ұрып-соғып, 2 телефонын тартып алған. Кейін 14 мың теңгені 40 мың қып қайтарасың деп талап қойған. 

Ақшаны алу үшін келісілген жерге көлікті жалға бергендер 4 адам боп келген. Олар сол жерде 2 полиция қызметкеріне пышақ жарақатын салған. 

ҚР ҚК-нің «Билік өкілін қорлау» бабына сәйкес, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің өміріне қауіп төндіргені үшін қылмыстық іс қозғалды.  Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. 

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар