$ 486.44  534.31  5.06

Венесуэланың 20-дан астам штаты жарықсыз қалды

Венесуэланың 20-дан астам штатында сәрсенбіге қараған түні жарық сөнді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА El Nacional басылымына сілтеме жасап.

Газеттің жазуынша, жарық жергілікті уақытпен 23:20-да сөнген. 

Бұған не себеп болғаны әзірге белгісіз. 

Наурыз айынан бері Венесуэланың көп өңірінде жарық сөну әдетке айналды. 

Ал ең ауқымдысы 7 наурызда болды. Сол күні ел астанасы Каракастың, сондай-ақ көптеген штаттардың тұрғындары бірнеше күнге жарықсыз қалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары