2 сәуір күні сағат 19:40-та Жетісайда балалар кішкентай сәбидің қанализация құдығына түсіп кеткенін көрген. Дереу жүгіріп, оны құтқаруға тырысқан деп хабарлайды ҚР ІІД ТЖК-нің баспасөз қызметі.
Құдықта 1 метрдей қалдық су болған. Балалар құлап кеткен сәбиді таба алмаған. Осы кезде 5-сынып оқушысы Бекназар Мейрамбек еш ойланбастан құдыққа түскен.
Бірнеше минутта ол суда тұншығып қалған 2 жасар Бақытбек Сабыржанды сыртқа алып шыққан.
Сәби жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. Қазір жағдайы тұрақты.
Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы 11 жастағы Бекназар Мейрамбек пен оның сынып жетекшісін арнайы мақтау қағазбен марапаттап, оқушыға велосипед сыйлады.
Дереккөз: NewTimes.kz