Жоғалып кеткен Анастасия Галеева Алматы облысындағы каналдан табылды деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің бастығы Марат Умурханов.
«Сарыбұлаққа баратын каналдан табылды. Қыздың туысы таныды. Қайғырып көңіл айтамын. Сараптама жүргізілді. көптеген сұрақтарға сол кезде жауап аламыз», – деді Марат Умурханов.
Еске сала кетейік, Анастасия Галеева 10 ақпанда жоғалып кеткен болатын. Ол 9 ақпанда Гете көшесіндегі үйден сағат 16:34-те шығып, «Жаңа Қуат» ықшамауданындағы құрбысына кеткен.
1 наурызда әлеуметтік желіде 22 жастағы қыз өлі күйі табылды деген ақпарат тарап, волонтерлер оны іздеуді тоқтатқан болатын.
Жоғалған қыздың жақындарының айтуынша, іске қыздың достарының қатысы бар болуы мүмкін. Өйткені олар қыздың 10 ақпанда таңғы 4-те өз өлгенін мойындаған. Бірақ қорыққандарынан денесін кілеме орап, каналға лақтырып жіберген.
Дереккөз: NewTimes.kz