Жаңалықтар 10.04.2019 сағат 11:21  260

Назарбаев «Nur Otan» партиясының атынан президенттікке кандидат ұсынуды тапсырды

«Nur Otan» партиясының төрағасы, елбасы Нұрсұлтан Назарбаев партияның орталық аппараты құрылымдық бөлімшелерінің жетекшілерімен кеңес өткізді. Жиында Әбішұлы партия атынан кезектен тыс өтетін президенттік сайлауға кандидат ұсынуды тапсырды деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Назарбаев «Nur Otan» партиясының атынан президенттікке кандидат ұсынуды тапсырды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Сондай-ақ ол Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өтуіне байланысты «Nur Otan» партиясы алдағы сайлау науқанына белсенді қатысуға тиіс екенін айтты.     

«Кеше Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің заңды құқығын пайдаланып, Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу туралы жарлыққа қол қойды. Бұл сайлау биліктің заңдылығын одан әрі нығайтып, елімізде тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін қажет. Енді бізге партияның съезін өткізіп, ел президенттігіне кандидатура ұсынуымыз керек. Партияның аппараты съезді өткізу үшін қажетті жұмыстардың бәрін жылдам іске асыруға тиіс. Партиямыздың атынан кандидатура ұсынғаннан кейін Қоғамдық сайлау штабының жұмысын ұйымдастыру қажет. Бұл жұмыспен менің бірінші орынбасарым Мәулен Әшімбаев айналысады», – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.   

Еске сала кетейік, 9 сәуір күні Қазақстанның уақытша президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа үндеу жариялап, 9 маусым күні кезектен тыс сайлау болатынын мәлімдеген. 

Сондай-ақ ол елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен ақылдасып, шешім қабылдағанын айтқан. 

 

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар