Жаңалықтар 12.04.2019 сағат 11:37

Ата-аналар мектеп асханасын қоғамдық монитордан бақылай алады

Енді кез келген ата-ана қоғамдық монитор арқылы мектеп немесе балабақша асханасын тікелей бақылай алады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының білім департаменті директорының орынбасары Дулат Жекебаев PrimeMinister.kz сайтына берген эксклюзивті сұхбатында мәлім етті.

Ата-аналар мектеп асханасын қоғамдық монитордан бақылай алады
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Спорт және дұрыс тамақтану бұл мектеп тарапынан қадағаланатын ең маңызды процестер. Сонымен қатар қазіргі таңда елімізде мектептер мен балабақшаларда сапалы тамақтануды ұйымдастыру мемлекеттік органдар мен жұртшылықтың назарын аударған басым бағыттардың бірі.

- Біз ата-аналардың мектептегі тамақтану мониторингіне барынша қатысуын қамтамасыз етуге тырысамыз. Жыл басынан бері осы мәселенің оңтайлы шешімін қарастырдық. Нәтижесінде қаладағы 30 білім ошағына бейнебақылау орнаттық және 1-қыркүйекке дейін оны қаланың барлық мектептеріне орнатуды жоспарлап отырмыз. Камералардың асханада ғана емес, ыстық дүкенде, ас дайындайтын орында орнатылатынын атап өткім келеді. Кейбір мектептерде мобильді қосымшалар пайдаланылады. Монитор арқылы кез келген ата-ана тамақ әзірлеу процесін көруге құқылы. Бұрын осы бақылау қызметін сертификаттау комиссиясы келіп жүргізетін болса енді ол тексеру бейнебақылау арқылы жүргізіледі. Егер қандай да бір келеңсіздіктер орын алса ата-аналар мектеп басшылығымен байланысуы жеткілікті. Сонымен бірге ата-аналар жеке тұлға ретінде қоғамдық денсаулық сақтау басқармасымен байланысуға құқылы, - деді Дулат Жекебаев.

Департамент өкілінің айтуынша, 2019 жылы мектеп асханаларының ас мәзірі жаңартылып және мәзірге сәйкес жаңа конкурстық рәсімдер өткізілген. Білім беру кезеңінің үшінші тоқсанынан бастап мектеп асханалары жаңа мәзірде жұмыс істейді. Мектеп асханаларында және буфеттерде газдалған сусындар, жылдам дайындалатын тағам өнімдері және т.б. сатылымда болмайды.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар