$ 494.87  520.65  4.91

Бөлесіне ғашық болған алматылық бойжеткен адам сенгісіз құпиясымен бөлісті

Алматылық бойжеткен көпшілікке айта бермейтін құпиясымен бөлісті. Ол өзінің туған бөлесіне ғашық болып, тіпті, тұрмыс құра жаздаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Алтынгүл (ред. ескертпе кейіпкердің есімі өзгертілді) басқа қалада тұратын туған бөлесі Арманды (есімі өзгертілді) алғашында туысқаны деп қана қабылдаған. 

Алайда, уақыт өте келе екеуінің арасында сезім пайда болып, бір-бірін ұнатып қалады. Әпкелі-сіңлілі қыздардан туған олар бұл қадамдарының дұрыс еместігін білсе де, сезімге ерік берген. Кейін екеуінің кездесіп жүргені туралы хабар аналары мен туыстарына да тарап кетеді.

Бір қызығы, туысқандардың басым бөлігі Алтынгүл мен Арманның отау құруына қарсы болмаған. Екеуінің әкелері бөлек болған соң, айтарлықтай қиындық тумайды деп шешіп, той жасауға бел буады.

Алайда, ең соңғы сәтте Алтынгүл өзіне қажетті шешім қабылдап, туысқанына тұрмысқа шығудан бас тартады. Арманды жүз есе жақсы көрсе де, болашақ балаларын, келешек тағдырын ойлап, қазақтың дәстүрін аттап кетуді өзіне ар санайды.

«Қазақ халқы жеті атаға дейін қыз алыспай, қан тазалығын сақтаған. Әкелеріміз бөлек болса да, аналарымыздың қаны бір. Сондықтан, ғашықтық сезімім өртеп бара жатса да, мұндайға жол бере алмадым. Қазір оның өз өмірі, менің өз өмірім бар. Бұл дұрыс шешім деп ойлаймын», –  дейді Алтынгүл.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#сыр #бөле #құпия