$ 448.15  483.46  4.86

Назарбаевтың жиен немересі Айсұлтан тегін әкесінің атына өзгертті

ҚР тұңғыш президенті, елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жиен немересі Айсұлтан тегін әкесінің атына өзгертті. 

Айсұлтан Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасындағы аккаунтын «Айсұлтан Рахат», ал анкетасындағы  отбасылық жағдайын 5 ақпаннан бастап «ажырасқан» деп өзгерткен. 

Бұған дейін Айсұлтан Рахат желідегі парақшасына қажылықта жүрген видеосын жариялаған болатын. 

Айта кетейік, Айсұлтан Рахат Дариға Назарбаева мен марқұм Раxат Әлиевтің екінші ұлы. Айсұлтан нағашы атасы билік басына келгеннен кейін бірнеше айдан соң өмірге келді. Есімі де атасына ұқсатып қойылып, фамилиясы да Назарбаев боп жазылған жігіт жайлы елдегі ең ықпалды отбасы әңгіме қозғамауға тырысады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары