Жаңалықтар 16.04.2019 сағат 03:00  277

Париж Құдай ана шіркеуіндегі өрт сөндірілді

Париждің Құдай ана шіркеуіндегі алапат өрт сөндірілді, деп хабарлайды ТАСС агенттігі Le Figaro басылымына сілтеме жасап.

Париж Құдай ана шіркеуіндегі өрт сөндірілді
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

«Өрт сөндірілді. Қазір ғимараттың қызып тұрған қабырғаларын салқындатуға күш салып жатырмыз, өрттің қайта тұтанбайтынына көз жеткіземіз», - делінген өрт сөндірушілердің хабарламасында. 

Өрт сөндірушілерге сілтеме жасаған Le Parisien газетінің жазуынша, өрт тек «ішінара сөндірілген». 

Еске сала кетейік, Нотр-Дам де Пари соборында 15 сәуір күні жергілікті уақытпен 18:50-де өрт шыққан болатын. 

Алдын ала деректерге қарағанда, өрт шіркеудің үстіңгі бөлігіндегі жөндеу жұмыстары кезінде тұтанған болуы мүмкін. 

Дереккөз: ҚазАқпарат

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар