$ 494.87  520.65  4.91

Қарағанды облыстық Ассамблеясы Кореядағы «Ұлы саяхат» Халықаралық фестиваліне қатысқандармен кездесу өткізді

Жақында Корея Республикасының Кенги-до провинциясында «Ұлы саяхат» Халықаралық фестивалі  өтті. Жапония, Ресей, Қырғызстан және Өзбекстан елдерінің кәсіби ұжымдары қатысқан әлемдік деңгейдегі фестивальге «Қарағанды облысы кәрістері этномәдени бірлестігінің» шығармашылық ұжымы да қатысып қайтқан болатын. Осыған орай  Достық үйінде мемлекет намысын қорғап келген қатысушылармен кездесу ұйымдастырылды.  

Шығармашылық ұжым соқпалы аспаптарымен  ұлттық әуендерін әуелетіп, әсем әнімен, әдемі биімен  фестиваль қазыларының жоғары бағасына ие болды.

Қазақстан кәрістері Ассоциациясының Қарағанды филиалы 1989 жылдың қыркүйегінде құрылған.  Осы күні облыстық этномәдени бірлестіктер арасында белсенділігімен, бірлігімен ерекшеленетін  орталықтың басты мақсаты: бірлестік беделін сақтау, ана тілі мен мәдениетіне баулу, үлкендерге ұлағат көрсететін өскелең ұрпақ тәрбиелеу.

Орталық республика, облыс және қала көлемінде өтетін шаралардың белсенді қатысушылары, қоғамда орын алып жатқан өзгерістердің өзекті мәселелерін талқылауға да атсалысып жүр. 

Бірлестік жанында  ардагерлер хоры, «Киппым» би тобы, Кәріс дәстүрлі соқпалы музыкалық аспаптарында өнер көнерсететін «Самульнори» ұжымы өз қызметтерін  табысты жалғастырып келеді.  Осы орайда көркемдік жетекшілер Алла Ха мен Нина Цойдың еңбегін атап кеткен жөн. Бүгін фестиваль қатысушыларын сән-салтанатымен қарсы алған Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері мен орталықтың үлкендері.   

Бірлестік  жанында жұмыс істейтін көркемөнер ұжымдары республикалық, облыстық, қалалық ұлттық мәдениет фестивальдерінің тұрақты қатысушылары. Соның бірі осы Кореяда өткен Халықаралық фестиваль. 

Қатысушылар кездесуде фестивальдегі көрсеткен  өнерлерін, Корея сапары жайлы айтып, Кенги-до провинциясындағы болған қызықтары мен көрген білген дүниелерімен бөлісті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары