$ 494.87  520.65  4.91

«Түнімен ұрып-соғатын»: Жетісайда қорлық көрген қыздардың туған анасы күйеуінің салафит екенін айтты

Түркістан облысы Жетісай ауданында өгей анадан қорлық көрген 3 қыздың анасы өз шындығын айтты. Бұл туралы заңгер әрі блогер Айгүл Орынбек өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды. 

Айгүл Орынбек қыздардың анасымен арнайы кездесіп, мән-жайды сұраған екен. 

«Әкесі салафи ағымына кіріп, күнде ұрып-соғып отырғанын да жеткізді. «Қыздарды тастамайтын едім, ол мені мәжбүрледі, үйден қашуыма итермеледі» деп жылап отыр.

Әркімнің өз шындығы бар! Мен ешкімді ақтамаймын», – деп жазды ол. 

Еске сала кетейік, 3 қыздың денелері көгерген түрлі суреттер мен видеолар әлеуметтік желіге жарияланып, қызу талқыға түскен. Кейін бұл қатігездікке барған өгей шешелерінің ұсталғаны хабарланды. Зәбір көрсеткен әйел екінші сәбиіне аяғы ауыр боп шықты. 

Ал күні кеше аудандық шенеуніктердің жаппай жазаланатыны жарияланды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары