$ 447.4  477.55  4.76

Павлодарлықтар WhatsApp арқылы әкімге тікелей хабарлама жібере алады

Павлодар қаласының тұрғындары қаланың көркіне қатысты түйткілді мәселелер - көшенің санитарлық жағдайы, коммуналдық қызметкерлердің жұмысы туралы немесе асфальт бұзылған жағдайда +7 775-383-18-51 нөмірі арқылы WhatsApp қосымшасының көмегімен қала әкіміне тікелей хабарлай алады.

Фотосуреттер мен бейнежазбаларды әкім өзі қадағалап, шұғыл түрде шаралар қолданатын болады. Қажет болған жағдайда көрсетілген орындарға өзі барады.   

- Өзімнің орынбасарларыммен және ТКШ, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің басшыларымен қаланы аралап тексереміз. Өкінішке қарай, көшелердің барлығына барып, аулаларды қарап, тұрғындармен сөйлесу мүмкіндігі болмайды. Сондықтан бұл бастама қаламызды одан әрі көріктендіруге атсалысады деп есептеймін, - деді қала әкімі Болат Бақауов. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары