Жетісайда өгей анасынан қысым көрген үш қыздың сенімді өкілі деп танылған жеңгесі психиатриялық емханаға келді. Сенімді өкілдің айтуынша, сырт көзге көмектескіш болып көрінетіндердің жайшылықта бірі де жоқ.
250 шақырым жерден, Жетісайдан Шымкенте келген қыздар психиатриялық сараптамадан өте алмады. Себебі мамандар үйіне қайтып кетіпті.
«Кеше министрлік өкілдері тікұшақпен келіп жетті. Сол кезде жан жақтан көмектескіш адамдар көбейіп кетті. Енді бірі деп жоқ. Бәрі әртіс», – дейді жеңгесі Эльмира Қойымбектова.
Жеңгесінің айтуынша, телеарнадан ауруханадан шығарып жіберді деп сюжет көрсетілген соң түнделетіп балаларды емханаға қайта жатқызды дейді.
Жеткіншектердің сүйек майын ағып, жанына батқан дертті емдеп жатқан ешкім жоқ дейді ол. Одан бөлек жан жағынан қысым көбейіп келеді деп үрейленеді.
«20 шақты адам жиналып, енеме небір сөздер айтқан. 1 жылдан бері қайда қарап жүрдңдер. Сендерге де баланы бермейміз деген», – дейді сенімді өкіл.
Эльмира Қойымбектованың айтуынша, әлдебір комиссия өкілдері келіп, балаларға ең жақын адамдарды ата-ана құқығынан айырып, жетімдер үйіне өткізетінін айтқан.
Ал, балалардың әкесі қыздарымды ешкімге бермеймін деп бекінген.
«Әйелімнен көңілім қалды. Егер оны жазаласа, екі жасар ұлымды да, оның құрсағындағы баланы да өзім асырай алам. Ешкімге бермеймін деп отыр», – дейді әкесі.
Еске сала кетсек, бұған дейін Жетісай қаласында өгей ананың үш қызына қорлық көрсетіп келгенін хабарлаған едік. Қыздардың денесіндегі жараларды мектеп мұғалімдері көрген. Директоры полицияға хабарласқан соң, істің ақ-қарасы анықтала бастады.
Дереккөз: Stan.kz