Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті алдағы күндері жауын-шашынды болатынын ескертеді, - деп жазды ҚазАқпарат.
«Қазгидромет» ӨМК сәуірдің 20-22 күндері кей жерлерде қатты нөсер жауатынын болжауда. Осыған байланысты өзен сулары деңгейінен көтерілуі мүмкін», - делінген ведомствоның таратқан ақпаратында.
Ескерту хабарламалар тұрғындарға СМС арқылы да жолдануда. Мамандар тұрғындарды абай болуға шақырады.