$ 494.87  520.65  4.91

Атырауда тапа-тал түсте аулада жүрген ер адамды атып кетті

Атырауда екі ер азамат тапа-тал түсте 32 жастағы жігіт ағасын үйінің алдында атып кетті. Алған дене жарақатынан жәбірленуші ауруханада көз жұмды деп хабарлады КТК телеарнасы.

Оқиға қаладағы «Вокзал маңы» ықшам ауданындағы үйлердің бірінің кіреберісінде болған. Бейнекадрлардан есік алдында жүрген 32 жастағы азаматты әлдекімдердің ту сыртынан келіп атып, қашып кеткенін көруге болады. Полицейлердің ақпаратына сүйенсек, оқиғаға қатысы бар жігіттердің барлығы бұзақылығымен аты шыққан Мақат ауданының тумалары. Күдікті екеу: бірі 39 жаста, екіншісі 17-де. Не себепті оқ атқандары әзірге белгісіз. Қазір «адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер ұсталған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары