22.04.2019, 09:04

Тоқаев Владимир Зеленскийді жеңісімен құттықтады

ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Зеленскийдің Украинаның Президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады. Бұл туралы ол өзінің twіtter-парақшасында жазды.

«Владимир Зеленскийге Президент сайлауындағы айқын жеңісімен құттықтап, Украинаның игілігі жолындағы еңбегіне табыс тілеп, жеделхат жолдадым», –  деп жазды Тоқаев. 

Еске сала кетейік, сәуірдің 21-і күні Украинада президент сайлауының екінші кезеңі өтті. Экзит-поллдың алдын ала нәтижесі бойынша, Украинадағы президент сайлауында сайлаушылардың 73,2% - әртіс Владимир Зеленскийге, 25,3%​ елдің қазіргі президенті Петр Порошенкоға дауыс берген.