Жаңалықтар 22.04.2019 сағат 12:08  207

Талдықорғанда мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту орталығы ашылды

Талдықорғанда мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту орталығы ашылды. Қазақ медициналық қоғамының күндізгі орталығы 40 балаға арналып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Талдықорғанда мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту орталығы ашылды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Бұл жерде сал, аутизм және басқа да кемістігі бар балдырғандар күндізгі ем-домын қабылдап, уақытын тиімді өткізетін болады. Сондай-ақ бөбектерге логопед сынды басқа да өте қажет деген мамандардың қызметі көрсетіледі. 

«Балаларды әлеуметтік-мәдени, спорт шараларға қатыстырамыз.Сондай-ақ психологиялық жағынан көмек көрсетіледі. Мұнда әлеуметтік заңдылықтарды қадағалайтын арнаулы заңгер бар. Әрі ол заң жүзінде кеңес беріп қоймай,  жалпы құжат жағынан да  көмектесетін болады», – деді қазақ медициналық орталығы қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Мақсат Әбдіқадырұлы. 

Балалардың  ата-аналары да түрлі психологиялық қолдау тауып, құқықтық мәселелерін шеше алады. Қоғамдық ұйым негізінде ашылған медициналық мекемеге 25 маман жұмысқа алынды.  

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар