$ 444.22  476.38  4.82

Ұлттық кітапханада президент Тоқаевқа арналған көрме өтті

Нұр-Сұлтан қаласы  Ұлттық академиялық кітапханасында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қызметі мен шығармашылығына арналған көрме өткізілді. Көрмеде Тоқаевтартар әулетінің үш ұрпағы – мемлекет басшысы, оның әкесі –  Кемел Тоқаев пен ұлы Тимурдың еңбектері таныстырылды. 

Кітапхананың тұтынушыларға қызмет көрсету бөлімінің жетекшісі Нұрбала Текесбаеваның айтуынша кітапханада Қасым-Жомарт Тоқаевқа қатысты сирек кездесетін мыңға жуық кітап, журнал, газет материалдарының  қоры сақталған. Қордың бір бөлігі осы көрмеге қойылып, көпшіліктің назарына ұсынылып отыр. 

 «Қасым-Жомарт Тоқаевтың билік басына отырған сәтінен бастап оған қатысты жеке мағлұматтарды білуге оқырмандардың қызығушылығы артқандығын кітапхана статистикасынан анық аңғаруға болады. Біздің сайтта президентіміздің кітаптарының электронды нұсқасын оқуға мүмкіндік бар», – дейді Нұрбала Текесбаева. 

Көрме келушілеріне Тоқаев қызметі жайлы  Елбасының жазған  сирек кездесетін мақалалары қойылған. 

Сондай-ақ президенттің әкесі мен ұлының шығармашылығына да көрмеде арнайы қабырға дайындалған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары