02.11.2015, 11:53

ШҚО жолдар жабылып қалды

Бүгін күндізгі сағат 12:00-ден бастап Шығыс Қазақстан облысында ауа райының күрт бұзылуынан бірқатар жолдар жабылды.

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ баспасөз қызметі хабарлайды.

Нақтысын айтқанда, «Өскемен-Зырьян-Рахман кілттері» трассасының 46-66 шақырымдарының аралығы тіркемелер мен жартылай тіркемелер үшін жабылған.

Айта кету керек, қыс маусымы басталғалы бері бұл Шығыс Қазақстан облысындағы алғашқы жолдардың жабылу жағдайы.

Тегтер: ауа райы ШҚО