23.04.2019, 05:41

Назарбаев Nur Otan съезінде президенттікке Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды

Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan кезектен тыс ХІХ съезінде президенттікке үміткер ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды. 

«Жаңа басшылыққа халықтың сенімі жоғары болады. Партия төрағасы ретінде мен Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қарастыруларыңызды ұсынамын. Сенат Төрағасы ретінде ол парламентаризмнің дамуына зор үлес қосты. Осы жылдар бойы ол менің серіктесім болды», –  деді Нұрсұлтан Назарбаев.