23 сәуір күні Жамбыл облысы Шу ауданында оттегі баллоны жарылып, 42 жастағы ер адам қайтыс болды, деп жазады Zhambylnews.kz.
«23 сәуір күні сағат 15:15-те Шу қаласындағы металлолом қабылдайтын жерде іші ауа толы бос баллон жарылды. Баллонда сәл ғана газ қалдығы қалып қойған»,- дейді облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі.
42 жастағы ер адам алған жарақатынан ауруxанада көз жұмды.