24 сәуірде Қарақалпақстанның Беруни ауданында тұратын 29 жастағы диқан Шухрат Сапаров үй сарайында асылып қалған. Бірақ оны туыстары байқап, құтқарып қалған деп жазады centralasian.org.
Мәліметке қарағанда, Сапаров ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, ол аудан әкімінің әділетсіздігіне шыдамай осындай қадамға барған. «Жақында ауыл әкімі мен оның орынбасары жиналыс өткізіп, Шухрат Сапаров мақтаның орнына қауын өсіргендіктен, оның жері тартып алынады деген. Осыдан кейін Шухратты көпшіліктің алдында кемсітіп, жиыннан қуып жіберген»,- дейді Сапаровтың туыстарының бірі.
Оның туыстары аудан билігі тарабынан көрсетілген қысым бойынша ел президенті Шавкат Мирзияевтың қабылдауына шағымданатынын айтады.
Әкімшілік өкілі Шухрат Сапаров мақтаның орнына қауын өсіргені үшін жері тартып алынғанын растады.
Жергілікті милиция бөлімі бұл оқиға бойынша аудандық прокуратура тергеу істерін бастағанын хабарлады.