Бокстан Қазақстан құрамасы жақында Катарда өткен әлем чемпионатына қатысып келген еді. Осыған байланысты кеңейтілген отырыс өтті. Оған ұлттық құраманың бас бапкері, боксшылардың жеке бапкерлері, қыздар құрамасының бапкерлер және ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері қатысты.
Бапкерлері кеңесі бұл отырыстың қорытындысы бойынша шетелден консультант шақыратын болып келісті. Енді шетелден келген маман боксшылардың физикалық дайындығына жауапты болады. Сондай-ақ алдағы Оллимпиада ойындарындағы қарсыластары туралы сараптама жасайды. Одан бөлек Қазақстан бокс федерациясы спортшылардың медициналық және психологиялық дайындығына қатты мән беруді көздеп отыр.
Айта кетейік, қазіргі кезде Қазақстан құрамасында Олимпиада ойындарында 4 жолдама бар. Олар: Василий Левит, Біржан Жақыпов, Данияр Елеусінов, Берік Әбдірахманов.
Енді Олимпиада ойындарына іріктеу келесі жылы Қытай және Әзербайжанда өтеді.