Бірнеше күн бұрын Facebook әлеуметтік парақшасының қолданушысы Қызылорда облысындағы «Ералаш» балабақшасына қатысты видео жариялады.
Кадрдан балабақшаның асханасын көруге болады. Видеоға түсірген ата-ананың бірі «Сағат қазір 10 болды. Таңғы ас неліктен бермегенсіздер? Ас мәзірі неге ескі?» дейді. Оның сауалына балабақша аспазы «Маған таңғы асты дайындауға міне 3000 теңгені жаңа берді. Азық-түлік алынбаған. Мен қазір үлгермеймін тамақ әзірлеп. Бұған дейін де осындай жағдай болған», – деп жауап береді.
Ал Қызылорда облысы Білім басқармасының басшысы Майра Тұрғанбайқызы оқиғаны растап, балабақша жұмысын бақылауға алынатынын айтты. Сондай-ақ ол оқиғаның мән-жайы жайлы алдағы уақытта хабардар ететінін жекізді.