Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттің басшылығы қызметіне тағайындалғаннан бері Нұр-Сұлтанның Ұлттық кітапханасына ол туралы ақпарат іздеп келушілер қатары күрт өскен. Кітапхана қызметкерлері президенттің өмірбаянынына қатысты тың ақпарат іздеуші зейнеткерлердің көп екендігін айтады. Ал цифрлық ақпарат көзіне жүгінетін жастар көбіне Тоқаевтың кітаптарын іздеп келеді екен. Ол тек сыртқы саясатты ғана емес, әдеби шығармаларды да жазған автор.
«Біздің сайтта президенттің электронды нұсқадағы шығармалары бар. Статистикаға жүгінетін болса, соңғы айда оқырман қатары көбейгендігін аңғаруға болады», – дейді Ұлттық кітапхананың құжаттарды өңдеу бөлімінің жетекшісі Нұрбала Текесбаева.
Оның айтуынша келушілерге арнайы мемлекет басшының электронды каталогы жасалған. Оқырмандар бұл шығармаларға үйде отырып-ақ онлайн-тапсырыс беріп, кейін оны Ұлттық кітапханада ала алады.
«Біздің қорда Қасым-Жомарт Тоқаевтың мыңнан аса ақпарат-шығармалары бар», – дейді кітапхана жетекшісі.
Оның сөзінше соңғы уақытта Ұлттық кітапханаға арнайы жаңа президент туралы ақпарат іздеп, өмірбаянына шолу жасағысы келетін зейнеткерлердің қатары көбейген. «Зейнеткерлер Тоқаевқа қатысты газет-журналдардың тігіндісін сұрайды», – деп Нұрбала Текесбаева сөзіне дәйек келтірді.
Оқырмандардың ыңғайлы болу үшін кітапханада Тоқаевтың бүкіл еңбектері мен шығармалары, мақалаларының басын қосып көрме ұйымдастырылған. Мұнда тіпті «Казахстанская правда» газетіне 1996-98 жылдар аралығында президенттің қоғамдық-сяси қызметі тұсындағы мақалалар да бар. Сондай-ақ бізге «Дипломатический курьер» журналы келеді. Оны да көпшілігі қолға тигізбей оқиды. Халықаралық қатынастар мамандығындағы студенттер мен ұстаздар да президенттің кітаптарын жиі сұрап келеді», – дейді ол.
Бұл кітаптаран Тоқаевтың Сыртқы істер министрі болған кезінде көпшілік алдында айтқан сөздерін оқуға болады. Бірақ Тоқаевтың қаламынан тек дипломатия туралы кітаптар туған жоқ.
«Мысалы мына «Слово об отце» кітабында ол әкесінің тағдырын керемет суреттеп жазған. Кемел Тоқаев ерте жастан жетім қалған. Соғысқа қатысқан. Архивтың құжаттарға сүйенсек оның Отан алдындағы борышын өтегені үшін берілген төсбелгілерінің бар екендігін растайды. Бұл кітаптың тілі жеңіл, өте оңай оқылады», – деп Нұрбала Текесбаева әңгімесін жалғастырды.
Кіші Тоқаев әкесінің балаларға арналған газетте тілші болып жұмыс жасай жүріп жазған алғашқы кітабы туралы жақсы жазған. Кітапта сол кездегі жастардың өмірі келтірілген. Сонымен қатар ол басты кейіпкерлері тәртіп сақшылары болған кітап жазған. Оның шығармалары қазақ тілінде жазылғанымен, ол орыс тілінің аудармасына тікелей араласып отырған. Қасым-Жомарт Тоқаев әкесінің жас кезінен орыс жазушылары мен классикерінің шығармаларымен сусындап өскенін айтады.
Кітапта президенттің жеке архивінен алынған суреттер көп. Онда әкесінің отбасымен, қыземеттегі әріптестерімен түскен суреттері бар.
Оларды парақтай отырып Қасым-Жомарт Тоқаевтың бала кезіндегі суреттерін де байқауға болады. Ақ-қара суреттен болашақ мемлекет басшысын аңғару қиын. Тек сурет астындағы жазулар ғана кейіпкерлерден хабар береді.
Осылайша өткен ғасырдың белгілі жазушысы, шытырман оқиғалар мен детективті шығармалардың негізін қалаушылардың бірі болған Кемел Тоқаевқа көрмеде бөлек орын берілген.
«Мына кітап 1972 жылы 50 мың тиражбен шыққан. Бұл дегеніңіз қазіргілермен салыстырғанда өте көп. Кеңес одағы тұсында кітаптардың барлығы дерлік өте көп тиражбен тараған. Өйткені ол кезде халық кітапты жақсы оқитын. Кітаптар баспадан шыға салысымен кітапханаларға бірден таратылатын еді. Ал қазір кітаптар аз тиражбен шығарылады. Орташа есеппен тек 2-5 мың дана», – дейді Ұлттық кітапхана қызметкері. Өткен жылы Кемел Тоқаевтың шығармалары бес томдық етіліп, баспадан қайта шығарылған.
Ал мынау мемлекет басшысының ұлы, саяси ғылымдар кандидаты Тимур Тоқаевтың кітабы. Ол «Внешнеполитические приоритеты Республики Казахстан» деп аталады. Ол баспадан сегіз жыл бұрын шыққан. Кітап мазмұнында автордың бұған дейін жарияланбаған материалдары негізге алынғандығы жазылған.
Ол өзінің кітабында тәуелсіз Қазақстанның саясатының кезеңдеріне жеке-жеке тоқталған. Тимур Тоқаев Қазақстан шекарасының заңды белгіленуі мен Каспий мәртебесіне қатысты келіссөздер жайлы кітабында жақсы айтқан.