$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстандағы діни жағдай

Адамзаттың дінсіз тарихы да, мәдениеті де болмаған. Дін қай қоғамда болса да адамшылық құндылықтарының қайнар көзі ретінде қабылданады. Адамзат ғарышты игеріп, жаңа технология жасауда дамудың шырқау шегіне жеткенімен, соңғы жылдары діни экстремизм мен терроризм тақырыптары бұқаралық ақпарат құралдарында жиі орын алуда.  

ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап АҚШ пен Батыс Еурпопаның бірқатар елдерінде дәстүрлі емес діни культтар көбейе бастады. Олардың пайда болуы дәстүрлі діндер жүйесінің бұзылуы мен беделінің түсуіне байланысты еді. Мұндай культтардың қатарына қоғам өмірінде өз орнын таба алмаған жастар кірді. Сондықтан кейбір культтар «жастар діні» деп аталып жаңа діни қозғалыстарға айналды.    Қазiргi кезде елiмiзде 70 пайыздай мұсылманның 2815 дiни бiрлестiгi жұмыс iстейдi екен. Ал жан саны белгiсiз протестантизм бағытын ұстанатындардың 40-тан астам әртүрлi ағымдарының 1238 ұйымы бар. Бұл – бүкiл республикадағы дiни бiрлестiктердiң 30 пайызы. Ал 70-тен астам дiни бiрлестiктер еш жерде тiркелмей қызмет етуде. Исламның басты мұраты адамдар арасында бейбітшіліктің болғаны. Сондықтан, экстремист, террорист деп аталған топтардан діннен басқа себептерді, мақсаттарды іздеу керек. Олардың саяси, экономикалық, әскери т.т. мақсаттары, ойлары болғанын тексеру керек. Екінші мәселе, сондай саяси-экономикалық топтар туралы айтқанда не жазғанда міндетті түрде «Исламдық террористер» деген тіркеуді қосатындардың ойы бөтен.Террорист ұйымның мүшесі қандай бір мұсылман елдің азаматы болса болғаны, әлгі бұлақтар дереу «мұсылман террористтер» дей салады. Ал, басқа діндегі террорист топтар туралы болғанда, олардың діні айтылмайды да басшысының ғана аты немесе шыққан жерінің аты, ең болмағанда саяси көзқарасы ғана айтылады. Мәселен, Испаниядағы «ЭТА-БАСК» тобы туралы ешқашанда «Христиан террорист Баск тобы» деп айтпайды олар. Солтүстік Ирландиядағы «ИРА» ұйымы туралы «христиан/католик террористік ұйымы ИРА» деп ешкім айтқан емес! Сондықтан, мұның негізінде Исламды көре алмаушылық және Исламды жағымсыз етіп көрсету секілді жауыз пиғылдар болғанын айта кетуіміз керек.    Бәрімізге белгілі, Қазақстан Республикасындағы заң жобасында миссионерлiк қызмет туралы айтылады. Осы ретте бiзге миссионерлiк қызмет қажет пе деген заңды сауал туындайды. Қараша халық сан мыңдаған секталарды елiмiзде тайраңдатуға әу бастан қарсы. Олар қазақтың дәстүрлi дiнi Ислам және христиан дiнiне басымдық беру қажет деп есептейдi. Өкiнiшке қарай, Қайрат Лама Шариф “қарастырылып отырған заң жобасы қоғамдық және дiни мүдделердiң тепе-теңдiгiн сақтауға бағытталған” дейдi. Бiзге ислам дiнi мен кришна немесе иегова куәгерлерiнiң “тепе-теңдiгi” қажет пе? Мүлде қажет емес. Шетелдiк миссионерлердi Қазақ елiне кiргiзуден үзiлдi-кесiлдi бас тартуымыз керек. Қазiргi кезде миссионерлiк қызмет бауырлас Қырғыз елiнiң дiн жөнiндегi заңында ғана кездеседi.Тағы да дәрменсіздік танытып отырған қазақ пен қырғыз.    Қазақстандағы діни секталардың не істеп жатқанын білу және әшкерелеу өте қиын. Өйткені, діни секта жетекшілері дін бостандығы жөніндегі Заңды алға тартып, ғибадатханалардағы, шіркеулердегі өздерінің «құпия құлшылықтарын» дұрыс дейді. Мысалы, «Иегова куәгерлері» діни ағымы ғибадатханасында (Құдай патшалығы үйі) дін бостандығы туралы Заң мен оның баптары көрнекті жерде ілініп тұр. Жалпы, дін туралы Заң о бастан бізде дұрыс қабылданбады. Діни сенім мен заңның тарихы мен философиясын, Құдайға құлшылық дәстүрін білмей асығыс қабылданған Заңның кейінгісі де көңілден шықпайды. Заң бойынша, қулығына құрық жетпейтін миссионерлерге еркін жол ашылды. Ежелден дін емес бірақ өзін дін санайтын ағымдар және діни ұйымдар қанат жайып, соңында саны көбейді. [1, 250-252б]    Мемлекетіміздің ұстанған діні Ислам болғандықтан, енді, осы діндегі белгілі ағымдардың тарихы мен теріс бағыттарына тоқталайық. Қазіргі діни әдебиеттер мен басылымдарда «Ахмадия жамағаты» және «Құраншылар» деген ағымдардың өмірге келуі мен тарихы жиі айтылады. Сырттай мұсылман болып көрінген «Ахмадия жамағатының» негізін салған, өзі Үндістанда туған (1839) Мырза Ғұлан Ахмад әл-Қадиян деген ғалым екені белгілі. Ол өзін әулие, көріпкелмін деп санап, «Бәрәхии Ахмадия» кітабын жазады. Өз пайдасы үшін дінді саясатқа айналдырудың жолына түседі.      Ахмадия және оның жамағаты Пәкістанда ел ішінде лаң салып, ойрандап, елдің шырқын бұзған.    Ахмадия жамағаты ағымы, Қазақстанда пәкістандық миссионерлердің ықпалымен 1994 жылы Әділет министрлігінде тіркелген. Ол «Ұлттық Ахмадия мұсылман жамағаты» деген атауға ие. Тоқсаныншы жылдардың басында «Демократтар үйінде» аталған ағымның бір уағыз жыйыны өтті. Олардың миссионерлері дәл осы аласапыран жылдары келіп, ашық-шашық жатқан елдің ішіне еркін кіре бастады. Секталар іс-әрекеттерін білдірмейді. Мүшелерінің жиналып бас қосулары мен жетекшілерінің кездесуі құпия жағдайда жүреді. Ұлтсыздықты уағыздайтын діни ағымның Қазақстандағы сектасына ингуш, күрд, орыс, татар, ұйғыр және украин сияқты этникалық-диаспора өкілдері барып, орыс тілінде уағыз тыңдайтын көрінеді. [2, 254-255б]    Құранға байланысты өрескел әрі дінбұзарлық ағымды өмірге әкелгендердің бірі мысырлық ғалым Ахмад Сухби Мансур еді. Ахмед Сухби Мансур Құран мен сүннетікке негізделіп бекітілген үкімдерге қарсы шығып, ойын «Мұсылмандар дәстүрлі кітаптардың айтып кеткен үкімдеріне еріп және ол кітаптарды қастерлеп адасып жүр. Себебі, дәстүрлі кітаптар қазіргі замандағы экстремизм, фанатизм, лаңкестік пен пендантизмнің бастауы» деп түйіндейді. Айтпақшы, ол намазда айтылатын салауаттарды және азанға Мұхаммедтің атын қосуды Алла-Тағалаға серік қосу дейді. 2004 жылы АҚШ-қа әбден орныққан ол, ғаламтор арқылы өзі «ағымның» уағыз мен үгітін таратады. «Құраншылар» атанған, оның діни бағытын ұстанатындардың қатары көбейеді. «Құраншылар жолы» – Исламның дәстүрлі ұсынымына қайшы екені айтпаса да түсінікті.    Қазіргі БАҚ дерек көздеріне сенсек қазақтардың өзге дінге өтіп, әртүрлі секталарға мүше болуы алаңдатады. Бұл жақсылықтың нышаны емес. Басқа дінге кіріп, осы діннің адамы болу – ұлтын жоғалту, яғни, онсыз да аз қазақтың азайып, қиын демографиялық ахуалы одан сайын мүшкіл халге түсірудің белгісі бұл. Соңғы санақ (2009) қортындысы бойынша 39172 қазақ христиан, 1923 қазақ идуаизм, 749 қазақ будда дінін қабылдаған. Соңғы үш жылда шоқынған қазақтардың саны бұдан да көбейгенін жобалап айтуға болады. Өйткені, елде дәстүрлі емес 254 діни бірлестік бар. Біздің дін туралы Заңымыз барлық діндерге еркін жол ашқан. Тіпті, жаңа Заңдағы «Әркім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес діни немесе өзге нанымдарды ұстануға, оларды таратуға, діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға және миссионерлік қызметпен айналысуға құқылы» деген бап бұрынғы Заң қағидаларын қайталап тұр. Әсіресе, миссионерлік қызметке еркіндік беру – Қазақстанда толып жатқан діндер мен ағымдардың және секталардың күн сайын көбеюіне мүмкіндік туғызатыны айтпаса да түсінікті. Толып жатқан ағымдар мен ұйымдары, қозғалыстары мен секталары бар еврейлердің идуаизм дінінің, қазір, Қазақстанда үш тармағы жұмыс істейді. Оннан аса синагоганың өмірге келуі – мұсылман елі саналатын Қазақстан үшін мәртебе емес. Жетпіс мың қазақстандық идуаизм дінін ұстанады.    Белгілі дінтанушы-ғалым Мұртаза Бұлұтай дін тарихы мен философиясын және жаһандану заманындағы оның орнын өте жақсы зерттеген, ол «Қазақстан діни эксперимент алаңына айналып отыр» деп бұдан оншақты жыл бұрын айтқаны – ащы шындық.[3] Христиандық миссионерлер жүйелі, әрі ұйымдастырған түрде білдірмей шоқындырып жатыр. Шоқындырушы-үгіттеушілер тоқсаныншы жылдары көше-көшені кезіп, үй-үйді аралап, діни парақшалары мен кітапшаларын тегін таратып, қарқынды әрекет жасады. Қазір, оларды көшеде көп кездестірмейсіз. Олар енді құпия астыртын «іске» көшкен сыңайлы. Өйткені, қазақ БАҚ құралдары діни секталарға қатысты жантүршігерлік оқиғаларды айтып, дабыл қаққан болатын. Қазақстанда негізінен басты екі дін бар – олар ислам және христиан дін. Соңғы санақ бойынша (2009) Қазақстан халқының 70,2 пайызы исламды ұстанатын мұсылмандар. 26,3 пайызы христиан дініндегі еуропалық ұлт өкілдері. Сондай-ақ, 0,1 пайызы будда дінінің наным-сенімін ұстайтындар.   Қазақстанда екінші орын алатын христиан дінінің толып жатқан секталары бір орталыққа бағынбай, өз беттерінше үгіт уағыздарын жүргізеді. Олардың не істеп жатқанын бір құдай біледі. Әсіресе, католик миссионерлері белсенді әрекет етеді. Католиктердің Павлодар, Астана, Қарағанды қалаларындағы діни «оқу орындары мен басылымдары сездірмей мақсаттарын жүзеге асыруда». Сонымен бірге, христиандық протестантизмнің баптистер және жетінші күннің дивентистері, сондай-ақ, Лютерандар да өздерінің діни ұстанымдары мен нанымдарын жүргізіп жатыр. Елімізде протестанттықтардың шамамен айтқанда отызға жуық сектасы мен мыңнан аса діни бірлестіктері бар көрінеді. Қазақтарды жаппай шоқындыру осы ағымның басты мақсаты болса керек. Дәстүрлі емес діни ағымдардың ішіндегі «сайентология» шіркеуі, бахаизм, кришна қоғамы, сатанизм, т.б. теріс үгіт-насихаттары жөнінде кезінде көп айтылды, дабыл қағылды. Әбден орнығып алған бұлар қазір ұлтқа қарсы қандай астыртын уағыз-насихаттар күшейтіп жатыр – оны әшкерелеу бүгінгі күннің талабы. Өйткені ағымдар «соғысы» айтпай келеді. Сөйтіп, сақтанбай соңында сан соғып қалмау үшін жат діни секталар мен бірлестіктер құқық қорғау ұйымдарының бақылауында, ҚМДБ назарында ерекше тұруы керек.[3, 1-2б]    2013 жылдың 19 ақпан күні Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдерімен кездесу өткізді. Президент кездесу барысында : «Алла –хақ, Пайғабарымыз Мұхамед(с.ғ.с.), қасиетті кітабымыз  Құран болғанымен, әлем сүнниттері төрт мәзһәбқа бөлінетінін білетін боларсыздар. Біз көптеген түркі халықтары сияқты Ханафи мәзһабына жатамыз. Мұның өзге мәзһабтардан артықшылығы – Ислам қағидаларына қайшы келмейтін ата-бабаларымыздың дәстүр салттарының да кеңінен қолдануында. Менікі дұрыс немесе мен білемін емес, түсіністік, бірлік қажет. Бұл біздің ортақ мақсатымыз», деген болатын. Біздің міндетіміз-осынау істердің үдесінен шыға білу. [4, 12б]   Біздің мемлекетіміз зайырлы мемлекет. Зайырлы мемлекеттілік – бірінші орында. Қазақстан жұртшылығы алдағы он жыл ішінде фундаментализм тұзағына түбегейлі түсіп қалмас үшін, дәстүрлі дінді және дәстүрлі емес діндерді  зерттеп, дін туралы Ата Заңымыздағы ұлт саясатына қайшы баптарды алып тастау керек. Кезек күттірмейтін ендігі мәселе қазақ даласындағы дін тарихынан хабары бар, сол дінге жаны ашитын кадрлар дайындауды жолға қоймай мәселе шешілмейді және халық та дәстүрлі исламды тұтынатын адамдар мен фундаменталистерді бір-бірінен ажырата алатын көреген дәрежеге жетуі керек. Ол үшін ел арасында дәстүрлі исламның негізінде діни-ағартушылық жұмыстар жүргізілсе орынды болар еді.
Қазақстанда исламның таралуының басталуы. Қазақстанның тарихы мен мәдениеті көп ғасырлар бойы ислам дінімен байланыса дамып келеді. Ислам діні қазақ халқының өзіндік руханияты мен мәдениетінің қалыптасуындағы негізгі қайнарлардың бірі. Қазақ халқының арғы тегі болып есептелетін көне түркілер исламның қалыптасуы мен көптеген жетістіктеріне өз үлестерін қосты. Орталық Азия мен Қазақстанға исламның енуі VII-VIII ғасырларға жатқызылады. Алғашқы араб-дін таратушылары 670 жылдардан бастап келе бастады. VIII ғ. басында Орталық Азияда миссионерлік қозғалыстың жандануы байқалады. Исламның түбегейлі орнығуына VIIIғ. ортасында, 751 ж. Тараз қаласының маңындағы араб әскербасы Зияд ибн Салих пен қытай қолбасшысы Гао Сяньчжи арасында бірнеше күнге созылған Атлах шайқасында арабтардың жеңіске жетуі айтарлықтай ықпалын тигізді. Қытай әскері күйрей жеңіліп, Жетісу мен Шығыс Түркістан азат етіледі. Араб әскерінің бұл жеңісі Орта Азия жерінде ислам діні мен мәдениетінің орнығуының бастуы еді. Қазіргі уақыттағы Қазақстан жеріне исламның таралуы бірнеше ғасырларға созылды. Бастапқыда жаңа дін оңтүстік өңірлерге ене бастады. X ғ. аяғына қарай ислам Жетісу мен Сырдариядағы отырықшы халықтың басты дініне айналды. X ғ. басында мұсылмандықты Қарахан әулеті билігінің негізін қалаушы Сатұқ қабылдайды, ал оның ұлы Боғра-хан Харұн Мұса 960ж. Исламды мемлекеттік дін деп жариялайды. Бұл аймақ әр-түрлі діндердің тоғысқан жері болғандығына қарамастан ислам дінін тарату бейбіт түрде жүріп жатты. Ұлы Жібек жолы көпшілік діндер, солардың ішінде христиандық (көпшілігі несториандық пен яковшілер), буддизм, заростризм діндері үшін қолайлы аймақ болды. Далалы өңірде тұратын түркі халқы тәңіршілдікті ұстанды. Тұрғылықты халық арасына ислам еш зорлық-зомбылықсыз бейбіт жолмен таралды. Ислам мәдениеттің дамуына айтарлықтай әсер етті. Орат Азияда ислам ілімі игі істердің жүзеге асуы арқылы нығая түсті. Аймақтың тұрғындары мұсылман қауымының ажырамас бөлшегіне айналды. Ислам құндылықтарының орнығуы халықтың әлемдік діннің гуамнисттік дәстүрлерін қабылдауына өз ықпалын тигізді. Орта Азиялық мұсылман ғылымы мен мәдениетінің дамуына ортағасырлық шығыс мәдениеті тың серпін берді. Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашғари және Мұхаммед Хайдар Дулати атты ұлы ойшылдар ғылым мен философияның көрнекті өкілдеріне айналды. Оңтүстік Қазақстандағы көшпенді түркі халқының арасында исламды таратуда Ясауия тариқатының негізін қалаушы Қожа Ахмет Ясауи ( 1166 ж. немесе 1167ж. қайтыс болған) зор үлес қосты. Әмір Темірдің Ясауиге деген құрметінің белгісі ретінде XIV-XV ғғ. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі салынды, қазіргі таңда бұл тарихи жәдігер тек Қазақстандағы ірі мұсылмандық сәулет ескерткіші ғана емес, сонымен қатар, әлемдік озық үлгілердің бірі болып саналады. XIII-XIV ғғ. Исламның таралу ерекшеліктері. XIII ғасырда Орталық Азия мен Қазақстан жерлеріне бағытталған монғол шапқыншылықтары мен олардың дәстүрлі діни сенімдерін ұстанатын тайпаларының (монғол және түркі) қоныстана бастауы салдарынан исламның таралуы біраз уақытқа дейін бәсеңдеді. Осы шапқыншылықтар кезінде көптеген қалалар жойылды, ғылым мен мәдениет орталықтары тоналды, мешіт пен медреселер қиратылды. Ұлы Жібек жолындағы сауда-саттыққа ауқымды зиян келтірілді. Алайда, уақыт өте келе қайта өркендеу басталды. Монғол басқыншылары мен ел билеушілері ислам діні мен түркі тілін қабылдай бастайды. Бұл жағдай ортағасырларда ислам дінінің көшпелі дала өңіріне қайта таралуына кең ықпал етіп, басқа да бұқара халық топтарын өзіне тартуға мүмкіндік берді. Монғол билеушілері өздерінің діни сенімдерін мұсылмандарға күштемей, діни төзімділік танытты. Алтын Орданың ханы Берке (1255-1266) және басқа да хандардың (Өзбек, Түдеменгү) мұсылмандықты қабылдауымен исламның орны нығая түсті. Мысалға, Өзбек хан тұсында (1312-1342 жж.) Алтын орданың астанасында 13 мешіт қызмет етіп, ханның өзі күніне 5 рет намаз оқыған. Дін әртүрлі тайпаларды біріктіруші құралдың біріне айналды. Көшпенділер арасына исламды мақсатты түрде тарату басталды. Дін уағызшылары далалы өңірге Орталық Азиядан, Еділ өңірлері мен мұсылман әлемінің басқа да аудандарынан ағыла бастады. Миссионерлер арасында суфийлік бағыттың өкілдері де аз болмады. Сопылықтың нақышбандия мен ясауия тариқаттары билік пен қоғамдық санаға айтарлықтай ықпал еткен, сол себепті билік өкілдері сопылық тариқаттардың жетекшілерімен санасып отырған. Сонымен қатар, сопылар мешіттер мен медреселерді өз иелігінде ұстап, барлық діни рәсімдерге қатысып отырған. Монғол шапқыншылығы кезеңінен соң қазіргі Қазақстан жерінде пайда болған мемлекеттерде (Алтын Орда, Ақ Орда, Моғолстан) исламдану үдерісі әртүрлі өтіп жатты. Қарапайым халық арасында ескі сенімдердің (тәңіршілдік, шаманизм) қалдықтары сақталып қалды. Ислам XV ғасырда Жәнібек пен Керей негізін қалаған Қазақ хандығының ресми идеологиясы болыпжарияланды. Ислам діні жоғарғы хандық биліктің нығайуы мен түрлі қазақ тайпаларының бір этникалық қауымға біргіуне ықпал еткен идеологиялық факторлардың бірі болды. Қазақ хандығының халқы исламның сүнниттік бағытының ханафи мазхабын ұстанды, алайда қоғамдық және жеке өмірде исламның тәңіршілдік пен шаманизмнің элементтерімен өзіне тән синтезі пайда болды. XV  – XX ғғ. басындағы Қазақстандағы Ислам. Қазақ мемлекетінің құрылуындағы исламның рөлі (ХV-ХVIII вв.). Қазақ мемлекеті өзінің құрылғанынан бастап мұсылмандық құқықтық нормаларына жүгінді. Барлық қазақ хандары Керей мен Жәнібектен бастап ең соңғы қазақ ханы Кенесары (1847ж. қайтыс болды.) өздерінің шариғатқа жүгінетіндіктерін атап кеткен. Қасым хан мен Есім хан қабылдаған көшпелі мемлекеттің дала заңдарына шариғаттың үлкен әсері болды. Тәуке ханның (шамамен 1718ж. қайтыс болды) «Жеті Жарғы» заңдар кодексін қабылдауы исламды қоғамдық өмір мен заңдық тәжірибеде қолдануда айтарлықтай үлкен қадам болды. Осы құжатта көрсетілген әкімшілік, қылмыс және азаматтық құқық нормалары айтарлықтай дәрежеде шариғатқа жүгінген. Бұл заңда мемлекеттің ислам дініне қолдауын мойындайды. Мысалға, «Құдайға тіл тигізген адамның күнәсі жеті куәгер арқылы дәлелденсе, оны тас атып жазалу қажет»; «Егерде біреу христиан дінін қабылдаса, жақындары оның барлық мүліктерін иемденеді». Қазақ хандығында қалыптасқан қоғамның құрылымы заңды түрде бекітілді, мұнда жүз бен руға бөлінбейтін ақсүйектерге басымдылық берілді. Ақсүйектер қатарына Шыңғыс ұрпағынан таралған төрелер мен Мұхаммед пайғамбар мен оның төрт халифасының ұрпақтарынан таралған деп есептелетін қожалар жатты. «Жеті Жарғы» заңдар жүйесінде қожалардың әлеуметтік дәрежесін ерекшелеу ислам дінінің жоғары әлеуметтік деңгейін көрсетеді. Сонымен қатар, құқықтық нормалардың басым бөлігі дала әдет-ғұрпымен байланысты болды, немесе шариғат пен әдет-ғұрыптың синтезі күйінде болды. Ислам діні дала әдет-ғұрпының басым бөлігін қабылдауына байланысты, әдет-ғұрып пен шариғаттың ара-жігін анық айыру қиын екені белгілі. Мұндай байланысты «Жеті Жарғыдан» байқауға болады. Қазақ қоғамында ислам мен көне халық дәстүрінің арадасып кеткен тұстары кездеседі. Мысалы, ислам сәбилерді атастыру («Бесік құда») салтын ислам жоққа шығармады. Бұл салт бойынша, мұндай құдаласу арқылы туысқан болу уақыт өте келе қайта жаңғыртылады. Ислам «қалың мал» төлеу секілді көне салттарға да икемділік танытты. Аймақтардағы ислам дінінің ықпалының қалыптасуы ескі түсініктердің сақталуы және олармен синтезге түсуі арқылы да жүзеге асып отырды. Діни синкретизм қалыптасты, яғни, ислам дінін ұстануда ескі діни нанымдардағы кейбір түсініктер сақталды, әсіресе анимизм, шамандық, ата-баба рухына сыйыну элементтері сақталып қалды. Осылайша, исламға дейінгі нанымдардың элементтері сақталған дәстүрлі ислам кең жайылды. Діни басшылықтың имам, молда және өзге де ресми құрылымдары қалыптасқанымен, олар баяу дамыды. XVI-XVII ғғ. Қазақстанда исламның жайылуына қазақ халқының орта азиялақ халықтары мен Еділ татарларымен тығыз экономикалық, мәдени байланыстары ықпал етті. Ислам дінінің уағыздарын Бұхар, Самарқанд, Ташкент, Хиуа, Түркістаннан келген уағызшылары тарата бастады. Тәуелсіз Қазақстандағы Ислам. Тәуелсіз Қазақстан тарихына жүгінсек исламдық институттардың ықпалының артқанын байқамыз. Соңғы жылдардың тәжірибесі исламның қоғамдағы руханилықты қолдап, дамуға қуатты жасампаз ықпалын тигізетінін дәлелдейді. Зорлықты қабылдамау, сондай-ақ нәсілдік және ұлттық төзбеушіліктен бас тартатын Мұхаммед пайғамбар (с.а.с.) ілімінің бейбітшіл мәні еліміздегі тұрақтылықты сақтап, одан әрі нығайтуға жағымды әсерін тигізеді. Өзінің «Сындарлы он жыл» атты кітабында Қазақстан Республикасының Президенті былай деп жазады: «Біз, қазақтар үшін ислам – біздің дүниетанымызды анықтайтын ең алдымен жоғары идеал мен факторы, бұрындары ұмытылып кете жаздаған бай мұсысмандық мәдениеті мен ата-бабаларымыздың рухына деген тиісінше баға берудің Рәмізі іспеттес». Тәуелсіз Қазақстандағы ислам ықпалды қоғамдық күшке айналды. Мұсылман бірлестіктерінің саны қарқынды түрде өсуде. Егер 1991 ж. олардың саны тек 68 болса, 2000 жылдар басында 1652-ге жетті, ал 2011ж.  1-қантарында 2756-ға көтерілді. Елімізде жаңа мешіттер салынуда. 2011 ж. басында 2416 мұсылман ғимараттары қызмет атқаруда. 2005 ж. 22 науырызында Астанада Президент Нұрсұлтан Назарбаевтің қатысуымен еліміздегі ең ірі мешіттердің бірі «Нұр-Астана» мешіті ашылды. Мешіттің салтанатты ашылуында сөз сөйлеген Елбасы: «Жаңа мешіт Қазақстанның жас астанасының нағыз рухани және діни орталығына айналады, ал оның өз сұлулығымен ерекшеленетін ғимараты қаланың сәулеттік келбетін көркемдей түсіп, оны қайталанбастай етеді... Діни ғимаратпен танысқан қала қонақтары Астана туралы қазіргі замандағы ең үлкен діндердің бірі исламды ұстанатын мемлекеттің астанасы деген ой қалыптастырады»- деді. Ол Астанамыздың сол жағалауын көркейткен Ислам мәдени орталығы құрамына енді. Мешіт күніне бес мың адамды қабылдай алады. Айналасында биіктігі 62 метр төрт мұнарасы бар ғимаратты алюминий және алтынмен қапталған 21 күмбез безендіріп тұр. Бас күмбездің биіктігі 43 метр. Алматыда «Нұр-Мүбарак» Қазақстан-Мысыр Ислам университеті ашылды. Жыл сайын жаңа медреселер пайда болуда. Дін ұстанушылар саны күннен-күнге өсуде, олардың арасында жастар көп. Орташа және жоғарғы діни білім алатын адамдар саны көбеюде. Меккеге қажылыққа баратын қазақстандақтар саны өсуде. 2001 ж. қажылыққа 228 адам аттанса, 2007 ж. желтоқсанында 4300 қажылар ұзақ жолға шықты. 2006 жылдан Қазақстанда мұсылмандардың мейрамы Құрбан айттың бірінші күні демалыс деп жарияланды. Қазақстан 50-ден астам мұсылман мемлекеттерін біріктіретін Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының мүшесі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары