$ 494.87  520.65  4.91

Сарапшы: Тоқаев - ары таза, пікірін ашық білдіре алатын азамат

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстантандық шенеуніктердің арасында ары таза азаматтардың бірі. Оның осы кезге дейінгі қызметінде есімі бірде бір рет сыбайлас жемқорлықққа байланысты әрекетте аталмаған. Ал бұл мемелекет басшысы үшін басты артықшылық, бұл сарапшылардың пікірі.

Ел ішінде тамырын тереңге жайған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте Қасым-Жомарт Тоқаев үлгі бола алатындай азамат. Оны сарапшылардың көпшілігі Батыс елі назар аударатындай еуропалық деңгейдегі саясаткер деп есептейді. Сыртқы сасатты қалыптастыру жолында атқарған қызметінің негізінде оның шет мемлекеттерде беделі жоғары. 

«Қазіргі мемлекет басшысының басты артықшылықтарының бірі оның мемлекеттік қызметте жүрген кезіндегі түрлі жанжалдар мен  шулы мәселелерде есімінің ешқашан  аталмағандығында. Бұл өте маңызды көрсеткіш. Ары  таза,  пікірін ашық білдіре алатын азаматтар  қашанда сұранысқа ие. Олардың беделі басқалардан жоғары»,- дейді Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының ұжымы ҚСЗИ Алматы қаласындағы өкілдігінің басшысы  Әсел Әбен.

Сарапшының сөзінше, Тоқаевтың қызмет жолына көз жүгіртетін болсақ,  оның елдегі саяси топтарға қатысының болмағандығын аңғару қиын емес. Ол мемлекеттік маңызды істердің күрмеуін шешу жолын іздеп,  адал қызмет атқарудан басқа бағытта бой көрсетпеген. Мемлекеттің қазіргі басшысы  ел дамуы үшін қажетті, маңызды реформаларды қалыптастыру тетігін жақсы біледі. Тұңғыш Президенттің оның бұл қызметке сенім артып тағайындауының өзі тегін емес. Ол оның осы кезге дейін атқарған, қалыптастырған  саяси реформасын жалғастыра алатын білімі мен беделі жоғары тұлға екендігін де ескерді.

«Тоқаев үкіметбасында отырған шағында ел ішінде болған экономикалық  дағдарыстан шығудың тетігін таба білген, саяси білімі мен біліктілігі жоғары азамат ретінде көзге көрінді. Сондықтан оны Қазақстаннның әрі қарай да қалыптасып, дамуы үшін жақсы бастамаларды қолға алатын, тың идеяларға қолдау білдіретін басшы ретінде тәжірибиесі  мол деуге болады»,- дейді Әсел Әбен.

Тоқаевтың  кландық және қаржылық-өнеркәсіптік топтардан бойын алшақ ұстауы оның  кандидатурасын Тұңғыш президенттің өзі қолдау танытуында басты көрсеткіш ретінде қаралғандығын сарапшылар алға тартады.  Мемлекет басшысы үшін «ұлттық мүдде»  басты құндылық саналады, себебі ол ұзақ жылдар бойы осы маңыздылықты сыртта жүріп жақсы сақтап, күресе  білген азамат.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Тоқаев