Жеңіс күні қарсаңында Санкт-Петербургте Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың ескерткіші ашылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Композиция авторы – мүсінші Едіге Рахмадиев. Ескерткіш Алматы облысында жасалған. Бұл жоба Санкт-Петербург билігі, Қазақстан елшілігі және Ақтөбе мен Атырау облыс әкімдерінің бірлескен еңбегі аясында жүзеге асты.
Ескерткіш қоятын орын арнайы таңдалған. Тап осы жерде, сол кездегі №46 балалар үйінде Әлия Молдағұлова тәрбиеленген болатын. 42 жылы балаларды қауіпсіз жерге эвакуациялаған. Ал жап-жас Әлия өз еркімен Қызыл әскер қатарына жазылды. Мерген қызымыз 19 жасында оққа ұшып, жастығы мен өмірін Отаны үшін құрбан етті.