Осыдан бір ай бұрын із-түссіз жоғалып кеткен Шемонаихин колледжінің 18 жастағы студенті Бородулиха ауданында өлі табылды, - деп хабарлайды YK-news.kz.
Айта кетейік, осыған дейін 2000 жылғы Дмитрий Кимбаевтың жоғалып кеткені туралы хабарланған еді. Соңғы рет оны Бородулиха ауданындағы Песчанка ауылында шамамен 22:00-де көрген. Бір айдан соң жігіт өлі табылды.
Volontery_semey_lider_kz тобының қатысушыларының мәліметінше, Дмитрий қаза тапқан. Алайда оның әзірге неден қайтыс болғаны белгісіз.
Сонымен қатар, жігіттің таныстары әлеуметтік желіде оның денесі Песчанка ауылына жақын маңдағы жазықта табылғаны айтылды.