$ 443.85  474.3  4.8

Чилиде автобус аударылып, 6 адам қаза тапты

Чилиде жолаушылар толы автобус апатқа ұшырап, 6 адам қаза тапты, сондай-ақ тағы 52 жолаушы жарақат алды, деп хабарлайды baq.kz.

Оқиға елдің Араукания аймағында орын алды. Автобус жүргізушісі тасжолда жүк көлігімен соқтығысып қалмайын деп шұғыл әрекет еткен. Бірақ қатты жылдамдықпен келе жатқан автобус жолдың шетіне шығып, аударылып қалған.

Жапа шеккендер тез арада ауруханаларға жеткізілді. Жарақат алғандардың кейбірінің халі мүшкіл. Қазір оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары