$ 444.32  473.33  4.76

Ұшақтың апатты жағдайда шассисіз қону сәті видеоға түсірілген

Myanmar National Airlines әуекомпаниясына тиесілі ұшақ Мьянманың Мандалай қаласындағы әуежайға апатты жағдайда қонды, деп хабарлайды Aviation Safety. Ұшақ бортында 89 жолаушы болған. 

Янголадан шыққан Embraer ERJ-190LR лайнері Мандалай қаласына бағыт алған. Ұшқыштар алдыңғы шассиді шығара алмаған соң, төменгі қабаттағы биіктікте екі айналып, жерге шассисіз қонды. 

Әлеуметтік желіде жарияланған видеода ұшақтың қону кезінде алдыңғы бөлігі төмен қарап, сырғу кезінде от ұшқындардың шыққанын байқауға болады. Жолаушылар мен экипаж мүшелері зардап шеккен жоқ. 

Оқиғаның видеосын мына жерден көре аласыздар. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Ұшақ апаты