Жаңалықтар 13.05.2019 сағат 05:30  103

Шри-Ланкада WhatsApp пен Facebook бұғатталды

WhatsApp, Viber және Facebook Шри-Ланкада уақытша бұғатталды, деп хабарлайды tengrinews.kz.

Шри-Ланкада WhatsApp пен Facebook бұғатталды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметінше, Чилав қаласындағы шиеленіске байланысты әлеуметтік желілер жұмысын тоқтатқан. Желі қолданушыларының бірі Facebook парақшасында араздыққа қатысты пост жариялаған болатын. Осы посттың арқасында әлеуметтік желілерде ушықты. Осыған орай, полиция қызметкерлері даудың басын шығарған жергілікті тұрғынды қамауға алып, дүйсенбі күні таңғы сағат 6-ға дейін (Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 18.30-ға дейін) қалада коменданттық сағатты жариялады.

Естеріңізге сала кетейік, 21 сәуірде Шри-Ланканың бірнеше аймағында 8 жарылыс болған. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, жарылыс салдарынан 250-260 қаза болды. Олардың ішінде - 42 шетел азаматтары.

Дереккөз: РИА Новости

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар