Пакистандық «BrassTacks» зерттеу орталығының негізін қалаушы Зейд Хамид «Ислам мемлекеті террористік тобының басшысы Әбу Бәкір әл-Бағдади Ауғанстанның шығысында жасырынып қалуы мүмкін», деп мәлімдеді Twitter-дегі парақшасында.
Мұндай қорытындыға келіп отырған Хамид, суретте көрсетілген төсек-орындықтары мен жастықтардың түрінен анықтап отыр. Оның пікірінше, Әл-Бағдади «Хорасан провинциясында» тұр деп есептейді.
29 сәуірде ИМ көшбасшысының жарияланған суреті 2014 жылдың шілдесінен бастап бірінші рет түсірілді.