$ 498.34  519.72  4.85

Семейде такси жүргізушісі жол ақысын төлемеген жолаушының телефонын тартып алды

12 мамыр күні таңғы сағат 06.00-де 30 жастағы әйел полицияға өзінің Samsung Galaxy A5 маркалы ұялы телефонын тартып алғандығын айтып хабарласқан, деп хабарлайды БҚО ПД баспасөз қызметі. 

Істі анықтау барысында 37 жастағы азамат тұтқындалды. Мәселе жолаушының  түнгі сағат 03:00 шамасында таксиге отырып, жол ақысын төлемегендігінде екен.  Қызмет ақысын бермеген жолаушыдан осылайша такси жүргізушісі ұялы телефонын тартып алған.  

ҚР Қылмыстық кодексі бойынша бөтеннің мүлкін заңсыз иемденгені үшін сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары