$ 448.89  477.93  4.76

Петропавлдағы әуежайды қайта қалпына келтіру кезінде 70 миллион теңге ұрланды

Петропавл әуежайының ғимаратын қайта қалпына келтіру кезінде 70 млн теңгеден астам қаражат, көшелерді жарықтандыру бойынша 40 млн теңге қаражат қолды болды, деп хабарлайды Zakon.kz

Экономикалық тергеу департаментінің мәліметінше, жыл басынан бері 300 млн теңге көлемінде мемлекет қаражатын ұрлаудың бірнеше фактісі анықталды.

Петропавл қаласының басты көшелерін жарықтандыру бойынша республикалық бюджеттен 230 млн теңге бөлінген. Алайда, тексеріс барысында анықталғандай, мердігерлер мемлекеттік қаражаттың бірнеше сомасын қалталарына салып алған.

Сонымен қатар,  қаланың бірқатар аймақтарында өнеркәсіптік және электрондық панельдер орнатылған жоқ. Қалалық әкімдік аталмыш іске байланысты жауап беруден бас тартты. Қазір бұл іс сотқа берілді.

Алаяқтық және коммерциялық парақорлық үшін, мердігерлік фирманың екі қызметкері Қылмыстық кодекстің бірнеше бабымен сотталып, шартты түрде 6 жылға бас бостандығынан айрылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары