Американың Филадельфия штатында 5 жасар бала балабақшаға есірткі алып келген, деп жазады lenta.ru.
Киприан Карфаген атындағы рим-католик шіркеуіне қарасты балабақшаға келген баланың мінезінен тәрбиешілері дереу өзгерісті байқаған. Оның жанына келгенде қалтасында бір заттың бар екенін көріпті. Алғашқыда ойыншық деп мән бермейді, кейін көрсетуді сұраған кезде бүлдіршін тәрбиешіге есірткі толы пакетті берген.
Белгілі болғандай, балаға есірткі затын бейтаныс адам беріпті. «Қалтаңа салып жасырып қой» деп тапсырған. Қазір полиция ол күдіктіні іздеуге кірісіп кетті.