Саламатсыздар ма, құрметті окырмандар! Маған сіздердің көмектеріңіз керек болып тұр. Өз пікірлеріңізді білдіріңіздерші. Мен бұрын тұрмыста болғанмын. Ол кезде тіл табыса алмай алты ай тұрып ажырастым. Енді қазір бір жігітпен жүріп жүрмін.
Өзім 23-темін, ал жігіт менен 17 жас үлкен. Бала-шағасы бар, маған екінші әйелім бол, үйленейік деді. Әйелі жақында менің жұмыс орныма келіп, мені көріп, танысып кетті. Сөйлестік, барлығын түсініп, біздің үйленуімізге рұқсат берді.
Менің анам жігітімнің бар екенін білетін. Ол жақында жігітімнің бала-шағасы бар екенін білгенде онымен араласуыма үзілді-кесілді қарсы болды. Оған екінші әйел болуға рұқсат бермеймін деп кесіп айтты. Анам қатал адам, енді қазір ол маған жігіт туралы ешнәрсе айтқызбайды, айтуға қорқам.
Жақында сүйіктім үй әперді, бірақ үйді атыма жаздырмадым, анамның рұқсатынсыз еш сыйлығыңды қабылдай алмаймын дедім. Машинаға да қарсы болдым. Қазір мен жұмысыма тіке барып, қайтамын. Үйден анам көп шығармайды. Жігітпен тек телефон арқылы хабарласам. Ақыл қосыңыздаршы, анамды калай көндірсем болады. Мен ол жігітті қатты жақсы көремін.
Дереккөз: Alashainasy.kz