Оралда 4 жасар қыз бала төртінші қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, оқиға кеше болған.
Жедел жәрдем сағат 17.19-да шақырылып, оқиға орнына бес минуттан кейін жетті.
Абырой болғанда, 2015 жылғы қыз аман қалды.
«Нейрохирург қарап, бас пен мидың жарақаты жоқ деп тапты. Облыстық балалар ауруханасына жеткізілген бүлдіршіннің жағдайы орташа ауыр», - деді ҚазАқпарат тілшісіне А.Сақпосынова.