«Көріністегі оқиғаға байланысты куәгерлерді табуға көмек беріңіздерші» деп Facebook әлеуметтік парақшасында тараған видео көпшіліктің назарын өзіне аударды. Мамыр айының 18 күні Алматы қаласы Жетісу 3-шағынауданындағы «Рахат» клиникасының маңайында жас келіншекке белгісіз әйел қос қызымен шабуыл жасап, таяқ астына алған.
Оқиғаға жас келіншектің сүт өнімдері сататын дүкенге баланың арбасымен кіре алмауы себеп болған. Өйткені жолды бөгеп Nissan Qashqai маркалы автокөлігі рұсатсыз орынға қойылған. Осы кезде емізулі баласы бар келіншек көліктің дөңгелегін теуіп, оны жылжытсын деп дабыл жүйесін қосады. Осы кезде көлік иесі дүгеннен шыға сала жас келіншектің жағасын жыртып, жұлқылап, былапыт сөздермен намысына тиіп, айқай шығарған. Жанжалды бастаған әйелдің қызы да жас ананы аямай тепкі астына алады. Қолында баласы бар келіншек қорғануға дәрменсіз еді.
Әбден таяқ жеген келіншек кейін көліктің номерін телефонға түсіріп алмақ болады. Бірақ айқайға басқан көлік иесі оны тағы да таяққа жықпақ болады. Құзырлы органдарға жүгінген келіншек куәгерлерді іздеп, әлеуметтік желіде іздеу салады.
Ескерту! Видеода балағат сөздер бар